Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Аққұм ЖББМ » КММ
Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі

МЕНЮ

«Аққұм» жалпы орта мектебі

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі отырысының

Хаттамасы

Аққұм е/м                                           № 1                                         26.08.2022 ж                

                                                                                    

                                                                                           Отырысқа қатысқандар:5

                                                                                           Қатыспағандар:

                                                                                           Себептісі:

 

                                                                  Отырыс төрайымы:         К.    Кожабергенова

                                                           Хатшысы:                       Б.Дүйсенова

Күн тәртібінде:

1. Өткен оқу жылына қорытынды есеп. К.Кожабергенова

2. Жаңа оқу жылына бірлестік жетекшісін, хатшысын сайлау, бекіту.

3. Нормативтік құжаттармен, жаңа бағдарламалар және оқулықтармен танысу.

4. Пән бойынша жүктемелік сағаттарды бөлісу, мұғалімдердің күнтізбелік    

    жоспарын талқылау, бекіту.

5. Жаңа оқу жылына ашық сабақтарды жоспарлау, кестесін жасау.

6. Біліктілік арттыру курсынан өтетін мұғалімдерді анықтау, кестесін жасау

  Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі   К. Кожабергенова баяндама жасап, өз баяндамасында өткен оқу жылында атқарған іс-шараларға қорытынды жасады:

  Өткен оқу жылында бастауыш сынып  оқушылары арасында  мектепішілік сайыстар,апталықтар бойынша оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Бастау турнирінде 2,3,4сыныптар бойынша  аймақтық олимпиадаға   оқушылар қатысты. Аудандық кезеңге   өткен оқушылар болмады.                 

       Екінші мәселе бойынша жаңа оқу жылына бірлестік мүшесінің жетекшісі өз орнында қалу және хатшысы Б.Дүйсенова болу керектігі жөнінде жарыссөзге шыққан бастауыш сынып мұғалімдері Сейіт Бақтияр мен Мұсаев Нұрдос өз ұсыныстарын айтты.

  Үшінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі нормативтік құжаттармен, олардың дұрыс  жүргізілуі жайлы  таныстырды. Жаңа бағдарламаларды, оқулықтарды талқылады, бірлестік жетекшісінің құжаттарымен таныстырды. Жоспарларын талқылап, бекітуге ұсыныс жасады.

 Төртінші мәселе бойынша жүктемелік сағаттардың бөлінуіне шолу жасап, осы сағаттар бойынша пән мұғалімдері күнтізбелік жоспарларын жасай берулеріне болатынын ескертті. Мұғалімдер өз сағаттарына келісетіндіктерін айтты.

Бесінші мәселе бойынша    жаңа оқу жылына ашық сабақтар жылдағыдай әр пән мұғалімі жылына екі рет кесте бойынша өтетіндігі, қажетті жағдайда одан да көп өтіле беретінін ескертіп, ашық сабақтар кестесін жасады.

   Алтыншы  мәселе бойынша біліктілік арттыру курсын кесте бойынша қажетті жағдайда кестеден тыс біліктілік арттыру курстарына мұғалімдер барып, өз білімдерін көтеріп отырулары керектігін айтты.

   Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, төмендегіше ұсыныс, пікірлер айтылды.

Ұсыныс

1. 2022 – 2023оқу жылына бірлестік жетекшісі К.Кожабергенова бастауыш сынып  мұғалімі Б. Дүйсенова хатшы болып бекіту үшін мектеп директорына  ұсынылсын.

2. Бірлестік жетекшісі жасаған жоспар қанағаттанарлық деп табылып, мектеп директорына бекітуге жіберілсін.

                                                   

Отырыс төрайымы:                   К.Кожабергенова

      Хатшысы:                    Б.Дүйсенова

                         

          

 

 

                                    «Аққұм» жалпы орта мектебі

бастауыш сыныптар бірлестігі отырысының

Хаттамасы

Аққұм е/м                                                №2                                          04.11.2018 ж

                                                                                     

                                                                                      Отырысқа қатысқандар:5

                                                                                                                     Қатыспағандар:

                                                                                                            Себептісі:

 

                                                                            Отырыс төрайымы: К.Кожабергенова

                                                                                            Хатшысы: Б. Дүйсенова

Күн тәрбінде:

1. І тоқсан қорытындысы (бақылау жұмысының қорытындыларын талдау).

2. Мектепішілік, аймақтық  пән олимпиадасын қорытындылау

3.ББЖМ -ға дайындық   жұмысының барысы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі  К.Кожабергенова тоқсан барысында өткен іс-шараларға тоқталып өтті. Жоспарланған іс-шаралар толық орындалғанын айтты және әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Үлгерімі төмен оқушылар мен дарынды оқушылар анықталып, арнайы жоспарлар түзілгенін, сол бойынша жұмыстар атқарылып келе жатқанын,  тоқсан барысында кестеге сай  ашық сабақ жоспарланғанын, олар жоспар бойынша екінші тоқсанда өтілетінін айтып өтті.

 І тоқсан соңында алынған бақылау жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.2-сыныптардың білім сапасы-33%,  3-сынып-80%, 4-сынып-42%     Бақылау  жұмысының тақырыптары мен мәтіндерін,БЖБ менТЖБ -ны  мұғалімдердің  өздері  дайындағанын  айта  келіп , бұдан  кейін  бақылау  жұмыстарын  аларда  мазмұнын  пән  бірлестігі  отырыстарында  дұрыс  талқылау  керек  екендігі  айтылды.

Жарыссөзге шыққан Б.Сейіт төменгі сыныптарға үнемі көркем жазу жұмысын әрдәйім жүргізу керектігін және  оқушылармен міндетті түрде қатемен жұмысты қолға алу керектігін айтты. Б. Дуйсенова жыл соңында 4-сынып оқушыларынан бақылау диктантын алса деген өз ұсынысын білдірді.

Бірлестік жетекшісі    екінші мәселеге  тоқтала  келіп, мектепішілік  пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 2-сынып оқушысы Арапбай Гүлнара, 3-сынып оқушысы Қалыбек Бекнұр, 4-сынып оқушысы  Арапбай  Нұрдәулет аймақтық  пән олимпиадасына жолдама алғандығын айта келіп, аймақтық пән олимпиадасы  белгіленген  күннен қараша айының соңына ауыстырылғаны  айтылды.

Бесінші мәселе бойынша 4-сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындық барысы жайлы айтылды. Оқушыларды уақтылы дайындыққа шақырып, деңгейлік тапсырма бойынша дайындау керектігі ескертілді.

 Күн  тәртібіндегі  мәселелерді  талқылай  келіп , отырыс соңында төмендегіше  ұсыныс-пікірлер  айтылды :

  Ұсыныс:

  1. Оқу жылының басы мен соңында бастауыш сынып оқушыларынан бақылау диктанттарын алып отыру мектеп әкімшілігінен сұралсын
  2. Оқушыларды ББЖМ-ға сапалы дайындау мақсатында қолдан тест сұрақтарын құрастыру қолға алынсын.

 

  

Отырыс төрайымы:                   К.Кожабергенова                                                                                                 Хатшысы:                                   Б.Дуйсенова

© 2025 «Аққұм ЖББМ » КММ Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі